Жалпы ақпарат
«Belinka» компаниясы 1948 жылы құрылды. Одан кейін, Словения астанасы, Любляна қаласының шетінде сутек тотығын өндіретін алғашқы зауыт ашылды. Сонымен қатар, жаңа компанияның атауы бұл әмбебап ағартқыш заттың атынан құрылды. Яғни словен тілінде «Bel» ақ дегенді білдіреді, нәтижеде, компания «Belinka» атауына ие болды.
Маркетингілік көзқарасы бойынша, 1950—60 жылдары, кір жуғыш ұнтақтар көптеп өндіріле бастады да, кейінірек, кір жуғыш ұнтақтарға деген сұраныс көп болғандықтан, жуғыш заттарды өндіру саласында қолданылатын шикізат материалы пайда әкелетін іске айналды. «Belinka» компаниясы жылдан жылға өсіп, басқа рыноктарға шыға бастады. Бүгінгі күні, тотық қоспаларын өндіріп жатқан «Belinka» компаниясының негізгі бөлімі «Belinka Perkemija» атауын иеленуде.
1960 жылдары «Belinka» компаниясының басқа салаларға шығуы сәтке ұшырады. Компания мүлдем басқа өнімдерді шығара бастады да, тұтынушылардың жаңа түрлерінің назарын тартты. Өндірісте пайдаланылатын негізгі химиялық қоспалардан басқа, ол жалпы тұтынушы пайдалануы үшін арналған ағаш заттарды қорғауға арналған бояғыштарды өндіре бастады. Қорғау бояғыштарын өндіру нәтижесінде, компания өндіру қызметімен айналысу үшін қажетті лицензияны алып, ағаш заттарды қорғауға арналған бояғыштардың сол уақытта жетекші өндірушісі болған, «Sadolin» дат компаниясымен ынтымақтаса бастады. 1980 жылдардың басында, «Belinka» мен «Sadolin» арасындағы келісімшарт лицензиясының мерзімі бітті де, компания «Belinka» аты бар ағаш заттарды қорғауға арналған бояғыштарды дамытып, өндіруге кірісті. Бүгінгі таңда, бұл бояғыштар бұрынғы Югославия рыноктарындағы жоғары сапаның синонимі болып табылады. Ағаш заттарды қорғауға арналған бояғыштарды, сондай-ақ үй шаруышылығына қажетті өнімдерді өндірумен және сатумен айналысатын бүгінгі компания «Belinka Belles» деп аталады.
1990 жылдары «Belinka Kemostik» және «Belinka Kemična Tovarna Moste» компаниялары біріктірілгендіктен, құрылтайшы «Belinka Holding» холдингімен бірге, «Belinka Group» ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жаңа ғасырда, «Belinka Group» тобы «Metakem» хорват компаниясы мен «Duga» серб компаниясын сатып алды.
Химиялық өндірістегі компаниялардың көп жылға созылған бірігу үрдістерінен кейін, 2007 жылы «Belinka Group» компаниялары «Helios Group» химиялық концернімен бірігіп, алып құрылды. Соңғы жылдары, «Helios» үй шаруашылығы мен құрылыс индустриясына арналған бояғыш, лакпен бояғыш, желімдегіш заттар және басқа өнімдерді өндіру бөлімшелерінде жұмыс атқаратын словен химиялық компанияларының бірігуін аяқтады. Осылайша, 2007 жылдың күз мезгілінен бастап, «Belinka Perkemija», «Belinka Belles» және «Belinka Kemostik» компаниялары «Helios Group» мүшелерінің құрамына енді.